Орналасқан жері: Аньхой провинциясы, Қытай. Компания: Sungrow Power Supply. Қуаты: 40 МВт.
Өндіріс технологиясы
Кремний пластиналар өндірісінің негізі – күн сәулелі сапалы кремнийбалқымасынан ("МК "KazSilicon" ЖШС жеткізетін) тік бағытты кристалдау әдісіменмультикристалды құймалар өсіріп шығару болып табылады. Күн сәулелі кремнийді кристалдау температурасы градиентпен басқарылатынжәне инертті газ үрленетін кварц отбақыраштарда жүргізіледі.
Мультикристалды құймалардан кремнийпластиналарын өндірудіңтехнологиялық үдерісі мынандай негізгі кезеңдерден тұрады:
˗ құймаларды блоктарға аралап кесу;
˗ блоктар сапасын бақылау;
˗ блоктардың жоғарғы және төменгі бөліктерін кесу;
˗ ажарлау;
˗ қиықжиектерді тазалау;
˗ дайындалғанблоктарды шыны төсемдерге желімдеу;
˗ пластиналарға аралап кесу;
˗ пластиналарды жуу;
˗ пластиналарды бөлу;
˗ пластиналарды сапасына қарай сұрыптау.
Фотоэлектрлі ұяшықтар өндіру үдерісінде кремний пластиналаркүн сәулесі элементтеріне (фотоэлементтерге) айналады.
Фотоэлектрлі ұяшықтар өндіру үдерісі мынандай бірнеше сабақтас сатыдан тұрады:
˗ пластиналардың беткі қабаттарынтекстуралау және химиялық өңдеу,
˗ эмиттерлік p-n өтуді қалыптастыру,
˗ фосфор-силикатты шыныны алып тастау және p-n өтуді оқшаулау,
˗ шағылдыруды болдырмайтын жабын жабу,
˗ қалыптастыруметалдануды қалыптастыру,
˗ соңғы сынақ және дайын өнімді сұрыптау.
Әрі қарай фотоэлектрлі ұяшықтар "Astana Solar" заводынажөнелтіледі де сол жерде күн сәулесі панельдерін (модульдерін) жинайды.